МҰҚТАЖБЫН.
МҰҚТАЖБЫН.

Қауқарсыз құл болып жаралып,

Қауқарлы Аллаға мұқтажбын.

Мейірімсіздерде тор анық

Мейірімді Аллаға мұқтажбын.

 

Қайырымсыздардан безініп,

Қамқорлы Аллаға мұқтажбын.

Әлсіздігімді сезініп,

Құдыретті Аллаға мұқтажбын.

 

Сынақтан сынақ толығып,

Жәрдемші Аллаға мұқтажбын.

Рақымсыздармен жолығып,

Рақымды Аллаға мұқтажбын.

 

Жұрт мақтауынан тығылып,

Жарылқаушы Аллаға мұқтажбын.

Қателіктерді ұғынып,

Кешірімді Аллаға мұқтажбын.

 

Мұқтаж боп келгем өткенде,

Сәт сайын Аллаға мұқтажбын.

Мұқтаж боп өтем ертеңде,

Мұқтажсыз Аллаға мұқтажбын. 

Алла, Мұқтаждық, Гүлсара Шалқар
Гүлсара ШалқарГүлсара Шалқар
8 жыл бұрын 4138
1 пікір
Блог туралы